Негізгі Жаңалықтар ОТАНДЫҚ ӨНІМ – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

ОТАНДЫҚ ӨНІМ – ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

Отандық өндірісті өркендету, ішкі нарықты жергілікті өніммен қамту – экономиканы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Президент Жолдауында отандық тауар өндірушілерді қолдау, өндіріс көлемін арттыру және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін күшейту міндеті айқындалған. Бұл бағытта өңір кәсіпорындарының әлеуеті зор. Орал қаласындағы «Белес Агро» акционерлік қоғамы астық өңдеуден бастап, өсімдік майы, макарон және нан өнімдерін шығаруға дейінгі өндірісті жолға қойған. Кәсіпорынның наубайханасы күн сайын мыңдаған тұтынушыны жаңа піскен өніммен қамтамасыз етеді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу