ОБЛЫС АКТИВІ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін облыс активінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы кеңінен талқыланды. Жиында маңызды құжатта айқындалған басым бағыттар мен стратегиялық міндеттер сараланып, оларды өңір деңгейінде жүзеге асырудың нақты тетіктері пысықталды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Жолдауда белгіленген негізгі басымдықтарға тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін міндеттерді жүйелі жүзеге асыру жөнінде жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо