МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жеңілдеп, цифрлық сервистердің мүмкіндігі артып келеді. Облыста жыл басынан бері халыққа миллионға жуық қызмет көрсетілген. Оның басым бөлігі электронды форматта қолжетімді. Сонымен қатар ХҚКО-ларда жеке менеджер көмегіне жүгінетіндер көбейіп, дайын құжаттарды жеткізу және электронды кезекті алдын ала брондау қызметтері енгізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында сала маманы айтып берді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо