Негізгі Жаңалықтар ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ

Қаржылық сауаттылық – әр адамның әл-ауқатына әсер ететін білім. Әсіресе жас буын үшін бұл дағдыны қалыптастырудың маңызы зор. Себебі бүгінгі дұрыс жоспарланған бюджет – ертеңгі қаржылық тұрақтылықтың кепілі. Бәйтерек ауданында жастардың қаржылық білімін арттыруға бағытталған танымдық кездесулер өтті. Оның бірінде жас отбасыларға өмірлік маңызды шешімдер қабылдау, отбасылық бюджетті жоспарлау және қаржыны тиімді басқару жолдары түсіндірілсе, екіншісінде колледж студенттеріне қаржылық сауаттылықтың әліппесі үйретілді. Кездесулердің мақсаты – жастардың жауапкершілігін арттырып, қарызсыз әрі қаржылық тұрғыдан тұрақты қоғам қалыптастыру.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу