Негізгі Жаңалықтар ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – ОРТАҚ МІНДЕТ

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Қаңғыбас иттер, жарықсыз көшелер, қараусыз қалған ғимараттар. Орал қаласында тұрғындардың қауіпсіздігіне әсер ететін бұл мәселелерді шешу бағытында бірақтар жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның ішінде «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында қылмыс пен құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге мүмкіндік туған. Дегенмен, түйіні тарқамаған түйткілдер де жоқ емес. Соның бірі – қаңғыбас иттердің мәселесі. Жданов көшесінің тұрғындары бұралқы жануарлардың шабуылынан қауіптеніп, редакциямызға шағымданды. Айтуларынша, қабаған иттерден балалар түгілі, ересектердің өзі үрейленеді. Ендеше, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, екі тараптың да мүддесін ескеретін қандай шешім бар? Бұдан өзге де мәселелерді шешу бағытында қалада қандай жұмыстар атқарылып жатыр? 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу