ЕЛОРДАДА ASTANA MEDIA WEEK–2026 ӨТУДЕ
Ақпараттың жылдамдығы артқан сайын, оған деген сенімнің салмағы да еселене түсуде. Ал жасанды интеллект медиа кеңістіктің мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, журналистика алдына жаңа жауапкершілік жүктеп отыр. Осы өзекті мәселелер бүгін елордада басталған Astana Media Week – 2026 мерейтойлық халықаралық форумының басты тақырыбына айналды. Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған ауқымды алаңға отандық және шетелдік медиасарапшылар, журналистер, технологиялық компания өкілдері мен сала басшылары жиналды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо