Негізгі Жаңалықтар АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫ ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ

АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫ ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ

Облыста қыз балаларды адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау жалғасып жатыр. Екпе бес түрлі онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі. Елімізде тегін иммундау бағдарламасы 2024 жылы басталды. Вакцина ата-анасының келісімімен 11 мен 17 жас аралығындағы қыздарға салынады. Алайда өңірде екпемен қамту көрсеткіші әзірге төмен. Осы мәселеге орай қалалық көпбейінді ауруханада арнайы шақырылған маманмен кездесу ұйымдастырылды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу