ТАБИҒИ ӨРТТЕРДІҢ АУМАҒЫ 47 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ
Өңірде биыл 25 табиғи өрт тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 жағдайға көп. Дегенмен тілсіз жау шарпыған аумақ айтарлықтай қысқарған. Өрт қауіпті кезеңінің қорытындысы мен алдағы жылыту маусымын өткізу өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғын үйлердегі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға газ қондырғыларын орнату жұмыстарын жалғастыруда.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо