Негізгі Жаңалықтар «ҚАЛАММЕН АУДАРМАНЫ КЕСТЕЛЕГЕН»

«ҚАЛАММЕН АУДАРМАНЫ КЕСТЕЛЕГЕН»

Достық үйінде белгілі қоғам қайраткері, жазушы, ақын, аудармашы, Қазақстандағы синхронды аударма саласының негізін қалаушылардың бірі Камал Әлпейісовамен тағылымды кездесу өтті. Басқосуға студенттер, әдебиет өкілдері мен журналистер қатысып, руханият, тіл және әдебиет төңірегінде ой бөлісті. Қаламгер өмір жолынан сыр шертіп, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Әсіресе ана тілінің қадірі, кітап оқудың маңызы мен ұрпақтар сабақтастығына тоқталып, жастарға бағыт-бағдар берді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу