ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Оралда «Жасанды интеллект дәуіріндегі психикалық денсаулық: сын-қатерлер, мүмкіндіктер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Екі күнге созылған жиында Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің мамандары бас қосып, жасөспірімдердің психикалық саулығын сақтау, суицидтің алдын алу және медицина саласында жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады. Бағдарлама аясында спорттық жарыс та ұйымдастырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо