Негізгі Жаңалықтар ОРАЛДАН ПАРИЖ СӘН АПТАЛЫҒЫНА ДЕЙІН...

ОРАЛДАН ПАРИЖ СӘН АПТАЛЫҒЫНА ДЕЙІН...

Оралдық дәрігер Париж бен Милан подиумдарын бағындырды. №1 қалалық емханада қызмет ететін Жанна Иманқұлованың өмір жолы киноға бергісіз. Ол ұзақ жылдар бойы медицина саласында еңбек етіп, адамдардың денсаулығын сақтауға үлес қосты. Ал жақында сән бизнесіне қадам басқан. Аз ғана уақыттың ішінде Италия мен Францияның сән апталықтарына қатысып үлгерген сәнбике енді Токио мен Лондондағы ауқымды көрсетілімдерге дайындалып жатыр. Зейнет жасында подиумды бағындырған жанның бұл бағытты таңдауына не себеп болған?


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу