ТЕАТРДА – ЖАҢА МАУСЫМ
Еліміздегі көне өнер ордаларының бірі – А. Островский атындағы облыстық орыс драма театры жаңа маусымын ашты. Биыл көрермен назарына үш жаңа қойылым ұсынылмақ. Алғашқысы – орыс әдебиетінің классикалық туындысы, Александр Грибоедовтың «Горе от ума» комедиясы. Ақыл мен қоғам, шындық пен жалғандық, махаббат пен еркіндік арасындағы тартысты бейнелейтін шығарма арада қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес. Жаңарған театр сахнасында қойылған туынды көрерменге қандай әсер сыйлады?
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо