КӘСІПКЕРЛІККЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Шағын және орта бизнесті дамыту – экономиканы нығайтудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және халықтың табысын арттырудың маңызды тетігі. Осы бағытта Қазталов ауданында кәсіп бастауға ниетті азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Соның бірі – жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз гранттар. Биыл ауданның 12 тұрғыны осындай қолдауға ие болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо