Негізгі Жаңалықтар ЗАЧАГАНСК КЕНТІНДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ БОЙ КӨТЕРЕДІ

ЗАЧАГАНСК КЕНТІНДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Зачаганск кентінде балалардың қабілетін шыңдап, шығармашылығын дамытатын жаңа орталық бой көтермек. Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев осы нысанның құрылыс алаңына барып, жобамен танысты. Жауапты басқарма өкілдері, мердігерлермен кездесуде салынғалы отырған ғимараттың білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызын талқылады. Бүгінде кенттегі 8 мектепте 14 мыңнан астам оқушы білім алуда. Ал олардың бос уақытын тиімді өткізіп, шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін орталыққа сұраныс жоғары. Жаңа кешенде ғылым мен технологиядан бастап, өнер, музыка, спортқа дейінгі түрлі бағыттар қамтылады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу