СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА 137 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
Теректіде ауыл экономикасын әртараптандыруға бағытталған жаңа жобалар көбейіп келеді. Ауданға іссапармен барған өңір басшысы Нариман Төреғалиев бастаған жұмыс тобы ауыл шаруашылығы саласындағы және өндірістегі импорттың орнын басатын тың бастамалармен танысты. Облыс әкімі кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындарымен кездесіп, инфрақұрылым, инвестиция және әлеуметтік мәселелерді шешу барысын талқылады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо