Негізгі Жаңалықтар ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰСТАЗДАР ЕҢБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұстазға құрмет – ұрпаққа көрсетілген өнеге. Оралда Мұғалімдер күніне орай білім саласының дамуына үлес қосып жүрген педагогтерге құрмет көрсетілді. Облыстық «Самал» мұғалімдер мен оқушылар газетінің ұйымдастыруымен өткен шараға қала және аудан мектептерінің ұстаздары жиналды. Жиында шәкірт тәрбиелеумен қатар, шығармашылық бағытта белсенділік танытып жүрген мұғалімдердің еңбегі еленіп, алғыс хаттар табысталды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу