Негізгі Жаңалықтар ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУҒА 43 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУҒА 43 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Өңірде 2025 жылдан бастап энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына 43 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражатқа жылумен, сумен және электрмен жабдықтауға қатысты 22 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендетіп, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жоспарланып отыр.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу