Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. 7 жылдан бері елімізде шілденің алғашқы жексенбісінде «Ұлттық домбыра күні» кеңінен аталып өтіледі. Атаулы күнге орай Тұңғыш Президент алаңында өткен «Домбыра – дәуір үні» атты ауқымды домбырашылар марафоны мыңдаған көрерменнің басын қосып, күй өнерінің құдіретін паш етті. Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған игі бастама ұлттық мұраны ұлықтаудың жарқын көрінісіне айналды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо