Қазан айының соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» аталып өтілді. Осы айтулы мерекеге орай облыс әкімдігінде аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бір топ азаматты мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады.