Тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу, инвестиция тарту және ауыл шаруашылығын өрістету - осының бәрі Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттары. Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.