Оралда Жастар мәдениет сарайының әртісі, әнші-композитор, жерлесіміз Ербол Ақбасовтың «Сазгер және Муза» атты шығармашылық ән кеші өтті. Кеш барысында Ербол Ақбасовтың және шақырулы қонақтардың жаңа әрі танымал әндері шырқалды. Сахна төрінде өмірдің түрлі сәттері театрландырылған көріністер арқылы бейнеленді.