БҚО әкімі Нариман Төреғалиев автожол және автокөлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Биыл алғаш рет атап өтілген мереке – сала мамандарының еңбегіне деген құрмет пен ризашылықтың белгісі. Салтанатты шарада үздіктер марапатқа ие болды. Оның ішінде «Еңбек ардагері» медалі, «Құрметті автокөлікші» және «Құрметті жолшы» төсбелгілері, ҚР Көлік министрлігінің құрмет грамотасы мен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.