Облыс әкімдігінде өңір басшысы Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен инвестиция тарту мәселесіне арналған штаб отырысы өткізілді. Кеңейтілген кеңеске онлайн байланыс арқылы ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бағлан Оразалиев пен штаб мүшесі Эрик Жамбылов және аудан әкімдері қатысты.