Ұлттық мереке қарсаңында өңір аудандарында бірқатар нысан ел игілігіне берілді. Сырым ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылса, Шыңғырлауда шалғай ауылдарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар ветеринариялық пункт тапсырылды.