Республика күніне орай «Атамекен» өнер ордасында мерекелік концерт өтті. Оның барысында жиналған қауымды айтулы мерекемен өңір басшысы Нариман Төреғалиев құттықтады. Облыстық филармония әртістері ән мен күйден шашу шашып, көрерменді тәнті етті.