Республика күні қарсаңында ел дамуына сүбелі үлес қосып, партия қызметінде жоғары белсенділік танытқан бірқатар азаматтар «Amanat » партиясының жоғары марапаттарына ие болды. Облыстық филиал төрағасы Мұрат Мұқаев өтініш берген бірқатар азаматтарды партия қатарына салтанатты қабылдау өткізіп, марапаттады. Мерейлі мерекеге орай қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Еңсесі биік мәңгілік ел» атты концерт өткізілді.