Су – тіршілік нәрі. Республика күні мерекесі қарсаңында Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Магистральное елдімекенінде су құбыры пайдалануға берілді. Жылдар бойы суды тасып ішіп келген ауылдықтар үшін таза ауыз судың үйлерге жеткізілуі зор қуаныш болды.