Теректі ауданында БҚО ҚХА жанындағы этномәдени орталықтар өкілдері бас қосты. Жиынға аудандық ақсақалдар мен аналар кеңестерінің төрағалары да қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев ел бірлігін бекемдеуге үлес қосып жүрген жандарды ұлттық мерекеге орай марапаттады.