Би – бекзат өнердің биік шыңы! «Қарлығаш Қадырбекова» өнер орталығында қазақ биінен ашық сабақ өтті. Орал қаласында 11 жылдан бері қыз балаларды биге баулып келе жатқан орталық бүгінде Қазақстан бойынша тек қана ұлттық нақышта ер балалар арасында да би ансамбльін құрған жалғыз өнер ордасы. Сондай-ақ балаларға арналған домбыра, вокал, каратэ сынды түрлі үйірмелер да осы орталық жанында жұмыс жасайды.