Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған «Тойбастар-2025» этнофестивалі халықаралық деңгейде өтті. Онда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстары, сондай-ақ көршілес Ресейдің Самара, Саратов, Орынбор қалаларынан қолөнершілер қатысты. Кең ауқымды шара барысында дөңгелек үстел, шеберлік сағаты, жәрмеңке, сән көрсетілімі және концерт ұйымдастырылды.



#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо