Биыл М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінен 2250 жас қанат қақты. Оқу орнында бакалавр дәрежесі бойынша білім алып шыққан түлектер мен магистрлерге дипломдары салтанатты түрде табысталды. Байырғы білім ордасы жыл сайын түлектерін тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша елімізде көш бастап келеді.