Қазір хабар таратудың әдіс-тәсілдері көбейді. Қолында интернетке қосылған смартфоны бар кез келген адам оқиға орнынан видео түсіріп, әлеуметтік желілерге жазба жариялап, ақпаратты әп сәтте тарата алады. Мәліметтің анық-қанығы мен деректің дәлдігі үшін жауапкершілік те жоқтың қасы. Ең қызығы, осыған қарап, көпшіліктің көкейінде журналистика оңай мамандық деген пікірдің жиі қылаң беретіні жасырын емес. Шынымен солай ма? Үйреншікті кәсібін тілшілік тіршілікке алмастырып, телеарнаның «ішкі ас үйіне» үңілген кейіпкерлеріміздің не айтары бар? Зер салайық...