Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыты. Барлық саланы кезең-кезеңімен цифрландыру үдерісі жұмыс нәтижесін арттырып, тиімділігін танытып келеді. Қайткен күнде де бұл істе құзырлы құрылымдарға азаматтық қоғамның көмегі қажет. Департамент өкілі тұрғындарды заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолында белсенді болуға шақырды.