«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өңір аумағына да жетті. Алғашқы қабылдау Шыңғырлау ауданының орталығында өтті. Жергілікті тұрғындар білікті дәрігерлердің қызметіне жүгініп, тегін кеңес алды. Бұл – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Денсаулық сақтау министрлігі және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірлескен жобасы.



#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо