Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясы өтті. Онда облыс орталығы мен оған қарасты ауылдық округ, кенттердің 2025 жылға арналған бюджеті нақтыланды. Сондай-ақ шаһардағы жол құрылысы, жолаушылар тасымалы және жарықтандыру мәселелері талқыланды. Кейбір комиссиялардың құрамы өзгерді.