28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні. Осыған орай дәстүрлі салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада масс-медиа мамандарына мәртебелі марапаттар табысталды. Қызығы мен шыжығы мол салада тер төгіп жүрген әріптестерді облыс әкімінің атынан оның орынбасары құттықтап, жауапты қызметте толайым табыс тіледі.