Облыс орталығында тұрғындардың жарақат алу дерегі артқан. Қалалық көпбейінді аурухананың жарақат бөліміне тәулігіне 70-ке жуық адам түседі. Ақ желеңділердің бай тәжірибесі мен кәсібилігі күрделі оталарды өзге емес, өзіміздің өңірде де жасауға мол мүмкіндік берді. Тың технологияның тілін игерген, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерген медицина қызметкерлері қандайма құрметке лайық. Емдеу мекемесіндегі еселі еңбек туралы денсаулық сақшысы сюжет жасап көрді. Травмотолог-ортопед дәрігер Мақсат Еркінбекұлының материалы...