ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Оралда қазақтың біртуар ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлидің есімін ұлықтауға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған дәстүрлі дода биыл алғаш рет халықаралық мәртебеге ие болды. Байрақты бәсекеге жеті мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысып, ұлттық зияткерлік ойынның шеберлік алаңында бақ сынауда.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо