ЖАСТАР САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ
Бөрлі ауданының Қанай ауылында күрделі жөндеуден өткен «Жастар» саябағы қайта ашылып, тұрғындар игілігіне берілді. Жаңартылған саябақ ауыл тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасап, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауылдың көркін арттырып, қоғамдық инфрақұрылымның дамуына үлес қосады. Бұл игі бастама ауыл тұрғындарының басын біріктіріп, туған өлкенің көркеюіне серпін беретін маңызды әлеуметтік-мәдени оқиға болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо