ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Инвестиция – ауыл экономикасының қозғаушы күші. Ал кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен жаңа өндіріске жол ашу – өңірдің тұрақты дамуының кепілі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған міндеттер аясында Қазталов ауданында KAZTALOV INVEST ІІ инвестициялық форум өткізілді. Басқосудың басты мақсаты – ауданның экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо