ЖОЛ САПАСЫ - ДАМУДЫҢ АЙҚЫН КӨРСЕТКІШІ
Жол құрылысы үнемі назарда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы алғашқы Жолдауында-ақ жолдардың сапасын жақсарту, көлік қатынасын дамыту және жол инфрақұрылымын жаңғырту мәселесіне айрықша басымдық берген болатын. Содан бері жеті жыл уақыт өтті. Осы кезеңде өңірде аталған бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Нәтижесінде жолдардың сапалық көрсеткішінде айтарлықтай оң өзгеріс қалыптасты. Атап айтқанда, осы жылдар ішінде қанағаттанарлық жағдайдағы қатқыл табанды жолдардың үлесі 28 пайыздан 60 пайызға дейін өсті. Бұл – жай ғана статистикалық көрсеткіш емес, нақты нәтиже.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо