ДӘСТҮРЛІ ӘН ӨНЕРІНІҢ ЖАҢА РЕКОРДЫ
6 сағаттан астам уақытта 120 ән шырқалады!. Оралда қазақтың дәстүрлі әндерін орындаудан жаһандық рекорд орнатуға дайындық қызу жүріп жатыр. Қазір жобаға қатысушылар өз мүмкіндіктерін сынап, қойылған міндетті сәтті орындап шығуды мақсат етуде. Осылайша, әншілер биыл маусым айында 5 жарым сағат ішінде 102 ән орындаған семейлік әнші Қайрат Қабышевтың нәтижесінен асып түспек.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо