LIVE КОНЦЕРТ
Орал қаласында live концерт жобасы қайта басталды. Оның барысында әншілер жанды дауыста ән шырқап, музыканттар түрлі туындыларды орындайды. Аптаның әр бейсенбісінде өткізілетін іс-шара Тұңғыш Президент алаңында ұйымдастырылды. Мәдени бастамаға Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының ұжымы ұйытқы болған.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо