Негізгі Жаңалықтар ОҚУШЫЛАРДЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТЫ ЕНГІЗІЛДІ

ОҚУШЫЛАРДЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТЫ ЕНГІЗІЛДІ

Жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз етуге басымдық берілуде. Өңірдегі 358 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылып, балалардың жас ерекшелігіне сай теңгерімді мәзір әзірленген. Өткен оқу жылынан бастап енгізілген жаңа стандарттың сақталуы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының жіті назарында. Мектеп асханаларындағы тағам сапасы мен санитариялық талаптардың орындалуы тұрақты қадағалауға алынуда. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу