«ТІЛ – ТҰТАСТЫҚ ТУЫ»
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Мерекеге орай облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – тұтастық туы» атты фестиваль өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, көрші елдерде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері мен тіл жанашырлары, этно-мәдени орталық өкілдері қатысты. Шарада мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында жыл бойы атқарылған іс-шаралар қорытындыланды. Қазақ тілінің мәртебесін арттыруға сүбелі үлес қосып жүрген жандар марапатталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо