«АЛТЫН КӨПІР»: ОРТАҚ ТАРИХ, ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Оралда «Алтын көпір» халықаралық форумы өтіп жатыр. Дәстүрлі басқосу биыл да шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерін бір шаңырақ астына жинады. Халықаралық шараға Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қандастар қатысуда. Бұл – ел мен елді ғана емес, тамыры бір жұрттың арасындағы рухани байланысты бекемдейтін маңызды алаң. Форум аясында қазақ диаспораларының тыныс-тіршілігі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту және жастарды тарихи мұраға баулу мәселелері талқылануда.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо