ОРАЛДЫҚТАР КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫН ҚАРСЫ АЛДЫ
Оралдықтар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Әсемгүл Ғалымжанованы әуежайдан қошеметпен қарсы алды. Дәстүрлі садақ атудан сынға түскен жерлесіміз Орта Азия нысанасына 40 метр қашықтықтан дәл көздеп, сұрмерген атанды. Осылайша көк байрағымызды биікте желбіретті. Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо