ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Облыста аумақтық қорғаныс күштерінің жауынгерлік дайындығы пысықталды. Теректі ауданында өткен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға Жаңақала және Бөкей ордасы аудандарынан әскери міндеттілер қатысты. Он күнге созылған жиын барысында сарбаздар теориялық білімін тәжірибемен ұштастырды. Төтенше жағдай кезінде жедел шешім қабылдап, бірлесе әрекет ету дағдыларын жетілдірді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо