«ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
Шыңғырлау ауданында Білім күні ерекше жаңалықпен есте қалды. Мұндағы Л.Қылышев атындағы мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Маңызды бастама ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы аясында іске асқан. Салтанатты жағдайда өткен сыныптың ашылу рәсіміне облыстық Полиция департаменті мен аудан басшылығы, мұғалімдер мен ата-аналар қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо