БҚО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ОРЫНБОРДАҒЫ ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ
Батыс Қазақстан облысы мен Орынбор өңірін көршілік пен көпжылдық достық қана байланыстырмайды. Екі аймақтың сауда-экономикалық, іскерлік, мәдени және спорттық қарым-қатынасы да қарқынды дамып келеді. Қазір шекаралас өңірлер арасындағы серіктестік бірлескен жобалар, іскерлік кездесулер мен гуманитарлық бастамалар арқылы жаңа деңгейге көтерілуде. Өткен демалыста аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бастаған облыс делегациясы Орынбордағы «Қала күніне» арналған мерекелік шараларға қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо